Bugin

Шығыста балықшы суға батып, көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстанда балықшы суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Адырна" тілшісіне сілтеп.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі қайғылы оқиға 14 сәуірде Алтай ауданы Кремнюха ауылынан 10 шақырым жерде болғанын растады.

"Белгілі болғандай, ол бұрын орнатылған балық аулау торларын тексеру кезінде қайықтан құлап кеткен. Үстінде құтқару жилеті болмағандықтан қайта шыға алмай суға батты. ТЖД сүңгуірлері сол жерге келіп жетіп, 40 жастағы азаматтың денесін тауып, жағаға алып шықты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ер адамның Ертіс өзеніне балық аулауға барғаны айтылды.