Bugin
Фото: dzen.ru
Түркияның Анталия провинциясының батысында аспалы жол кабинасы биіктіктен опырылып құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеп.
Салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алғаны анықталды.
Қайғылы оқиға Коньяалты жағажайынан тауға көтеріліп бара жатқан 605 метрлік аспалы жолда болған. Оқиға орнына полиция, құтқару топтары және медициналық көмек жіберілген.
Қайғылы оқиға себепкері болған кабинаның өзі қирап қалған. Куәгерлердің бірі аспалы жол бұзылғанға дейін жарылысқа ұқсас дүмпу естілгенін, содан кейін құрылым қатты шайқалғанын хабарлады.