Bugin
Фото: Уральская неделя
Батыс Қазақстанда киіктердің жаппай қырылып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
13 сәуірде Бөкейорда ауданының Мұратсай ауылының тұрғындары екі мыңға жуық киіктің қырылғанын хабарланды.
Бұл жерге "Охотзоопром" РМК қызметкерлері келді. Олар жануарлардың өлекселерін шығарып, оларды жоюмен айналысады.
Сарапшылар киіктердің су қоймада жаппай қырылуына қыстан кейін қатты әлсіреуі сеп болуы мүмкін екенін айтты. Екінші болжам бойынша киіктер түсірілім жасалған дрондардан шошыған болуы мүмкін екені айтылуда.