Bugin
Фото: Ақорда телеграм арнасы
15 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Армения тарапы Қазақстан президенті салтанатты түрде қарсы алды. Кейін Тоқаев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, инвестициялық, өңірлік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар өңірлік тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударды.
Шағын форматта өткен келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы көпқырлы байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.