Bugin

Елімізде тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Енді су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі адамдар өтемақы ала алады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үкімет бекіткен өтемақыны алу үшін:

1.Әкімдікке өтініш жазу керек
2.Өтініш ресми тіркеледі
3.Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады
4.10 жұмыс күні ішінде шығын көлемі бағаланады
5.Әкімдік қаржы бөлу туралы шешім шығарады
6.30 күн ішінде өтемақы төленеді 

Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы жағдай тұрақталып, су толығымен тартылғаннан кейін басталады.