Саясат

"Тәуелсіздік" алаңында КСРО туын өртеген кім? (Видео)

Комсомолдың 100 жылдығын тойлағандарға жауап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі IT саласының білікті маманы әрі қазақ тілді блогер, "JUZ" кітабының авторы Садық Шерімбек мырза, Алматы қаласындағы "Тәуелсіздік" алаңында Совет одағының туын өртеп, комсомолдың 100 жылдығын тойлатқан шенеуніктерге өз наразылығын білдірді. 

Жақында ғана Алматы қаласында комсомолдың 100 жылдығын арнайы тойлатып, үлкен концерт берген ағаларға деген халықтың көзқарасы екіге бөлініп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Тек қоғам белсенділері ғана емес, елімізге белгілі сайт беттерінде көлемді мақалалар да жарық көрді.

Садық Шерімбек мырза, "Ұлы дала Шайқысы" деген атпен белгілі, қоғамдағы белсенді жандардың бірі. Ол Алматыдағы "Тәуелсіздік" алаңында байрақты тек өртеп қана қоймай, желтоқсан оқиғасынан бастап арысы ұлт азаттық көтерілістерінен сыр шертіп, егемендіктің қиын жолдармен келгенін алға тартады.