Bugin

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында жеңістке жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы алғашқы алтынына қол жеткізді.  Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

63 келі салмақта ел намысын қорғаған Ержет Жарылқасын финалда жапондық Аята Сузукимен кездесті. 

Өте тартысты жекпе-жек 6:6 есебімен аяқталды. Алайда, әдіс сапасы жөнінен Ержеттің ұпайы қомақты болып есептеледі. 

Бұл Ержет Жарылқасынның ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. 

Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта ересектер арасындағы ел чемпионы, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы. 

Бішкектегі турнир барысында ол Оңтүстік Корея, Сауд Арабия және Солтүстік Корея балуандарын жеңді.