Bugin
Фото: ашық дереккөз
Пара алған әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Вьетнамда ірі көлемде пара алған Труонг Ми Ланға өлім жазасы тағайындалды. "Van Thinh Phat" акцонерлік қоғамының төрағасы Труонг Ми Лан алаяқтық жолмен Сайгон коммерциялық банкіне миллиардтаған шығын келтірген. Ол 11 жыл бойы банкті тонап келген. SCB-дегі құқық бұзушылықтарды жасыру үшін Лан өзінің қарамағындағыларға Вьетнам Мемлекеттік банкінің аудиторларына пара беруді бұйырып отырған.
68 жастағы Ланға үш бап бойынша айып тағылған: парақорлық, банк ережелерін бұзу және ақша жымқыру. Сот процесінде 2700 куәгер шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан.