Bugin

Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бала құлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Соңғы үш күнде Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД мәлімдеді.

13 сәуірде үш жасар қыз Қарағандыда үшінші қабаттағы терезеден құлады. Жазатайым оқиға Мәметова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ересектердің қарауынсыз болған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Тура осындай жағдай 15 сәуірде болды. Екі жасар бала да Аманжолов көшесіндегі үшінші қабаттың терезесінен құлады. Оның жағдайы "тұрақты, ауыр" деп бағаланады.