Bugin

Петропавлда ауыз су беру қалпына келтірілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Петропавлда ауыз су беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр “Қызылжар су” станциясының жұмысын тексерді. Істен шыққан стансаның орнына жаңа су қондырғысы орнатылды. 

Сонымен қатар Роман Скляр Петропавл қаласының Подгора ықшам ауданындағы құтқару жұмыстарымен танысты. Су басқан өңірлерден дрон көмегімен 48 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Іздестіру жұмыстарына тепловизоры бар ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылып, 59 адам табылды. Қауіпті аймақ тұрғындарына эвакуациялауға қарсылық танытпауын ескертті.