Bugin

Тасқын: елімізде қанша үйді су басқан?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан қанша үйдің зардап шеккенін анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазір 5,4 мың жеке тұрғын үй су астында қалған. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 111 мыңнан астам адам құтқарылды.

"Қазіргі уақытта 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр", - деді ол.

Үйлеріне 11 950 адам оралды. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді", - деді Сайпаш.