Bugin
Фото: Жәнібектің парақшасынан
Қазақ баласы Жәнібекті асырап алған бельгиялық әйел ол үшін ақша төлегенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Қазақстанда биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев бельгиялық анасы Валериямен сұхбаттасып, желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап алды.
"Арқалықтағы балалар үйімен Бельгияда танысқан келінім арқылы хабарластым. Балалар үйі асырап алу үшін сізді ұсынды. Қазақстанға келмес бұрын Бельгияда жүргенімде Жәнібектің жалғыз суретін алдым. Содан Арқалыққа келдім. Балалар үйіне бардым, Жәнібектің суретін көрсем де танымайтындай кейіп таныттым", – дейді Валерия.
Ол Қазақстаннан Жәнібекті асырап алу үшін 12 мың доллар төлегенін де жасырмады. Америкадан келген иммигранттар 20 мыңнан төлеген болып шықты.
”Мен ақшаны Арқалық қаласында ағылшынша сөйлей алатын жалғыз адамға бердім. Ол балалар үйінің жанында тұратын. Кейін Жәнібек 12-13 жасқа толғанша мен ол әйелмен байланыспадым. Кейін почтадан хат жаздым. Мен оны агенттік арқылы емес, делдал арқылы асырап алдым”, – дейді келіншек.