Bugin
Фото: 20astana.kz
Бүгін Республика аумағының басым бөлігінде толассыз жауын жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы
«Қазгидромет» РМК атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болатынын хабарлады.
Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, дауыл болуы ықтимал. Ал еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын болады.
ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі деп болжануда.
Еске сала кетейік, еліміздің бірнеше өңірін әлі де су басып, төтенже жағдай режимі сақталған.