Bugin
Фото: depositphotos
Қазгидромет Астана тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"2024 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлайды.