Саясат

Алматы облысының орталығындағы ауылда 7 жыл бойы су мен жарық жоқ

Әлі күнге дейін сусыз, жарықсыз отырған ауыл тұрғындары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғанға қарасты екі жарым мың адамы бар ауыл тұрғындары өркениеттен қол үзгендеріне 7 жылдан асқанын айтып отыр. Екі жарым мың адам тұрып жатқан елдімекенде әлі күнге дейін жарық жоқ, суды көрші ауылдан тасуға мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Талдықорғаннан небәрі 8 шақырымда орналасқан 3-бөлімше тұрғындары қас қарайса майшамдарын майлап, түн қамына кіріседі. Өркениеттің ортасында отырса да мұндағылар ескі шамды тастауға әлі асықпайды екен. Себебі, 2 жарым мың тұрғыны бар ауылда бір ғана трансформатор бар. Соған байланысты электр жарығын бір-бірінен тартуға мәжбүр. Ал, ағаштан тұрғызылған бағаналар құлаудың алдында тұр. Жел тұрса электр сымдары үзіліп, үнемі жарық өшетін көрінеді.

"Жарық деген кешке жақын совсем жоқ. Сығырайып қалады. Ой, Аллай, деп қоясың, мінекей. Баяғының қолшамымен отырғандаймыз", - дейді қала тұрғыны Қалдыбала Тілегенов.  7 жыл бойы ауылда ауыз су мәселесі де шешілмеген екен. Әкімдіктен күдер үзгендер үйлеріне өздері су тартып жатыр. "Өз ақшамызға осы үй бар, мына үй бар, сосын, мына жақта 2 үй бар миллион екі жүзге өзіміз тарттық", - дейді қала тұрғыны.

Бірақ, тұрғындардың барлығы бірдей су тартуға қаражаты жетпейтінін айтады. Тіршілік нәрін көбі үш жарым шақырымдағы көрші ауылдан жаяу тасуға мәжбүр. Көлігі барлар қаладан әкеледі: "Міне, қалаға суға кетіп бара жатырмыз. Ауылда су жоқ".  Өркениеттен қол үзген тұрғындар үшін тағы бір үлкен сынақ бар. Ол ауыл сыртынан өтетін Алматы-Талдықорған тас жолы. Жолдың қарсы бетіне өтетін жер үсті өткелі тұрмақ жаяу жүргінші жолағы да жоқ. Жүйткіген көліктердің арасынан тұрғындар басын қауіпке тігіп өтуге мәжбүр. "Бұл жолдан жүгіріп, секіріп аман қалу үшін тездетіп өтесің. Бұл жерде 2 рет адам өлген болатын. Оны ешкім де ештеңе деп айтқан жоқ. Жылы жаба салды", - дейді қала тұрғыны Айнұр Дәулетханқызы. 

"Аталған елдімекенді сумен жабдықтау бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындалып қойған, 8,5 шақырымға. Бірақ оның құрылысына әлі ақша бөлінген жоқ. Жарықпен қамту үшін ереже бойынша жол салынғаннан кейін түсу керек. 2018 жылы облыстық бюджетке жолға ақша сұралған. Қазіргі уақытта расталған жоқ. Қалай расталады бірден жұмыстар басталады", - дейді қала әкімі баспасөз қызметінің өкілі Данияр Жаныс Жауаптылардың сөзінше, республикалық тас жолдағы қауіпті жол аймағына "Қазавтожол" компаниясы жауапты.

Дегенмен, аталған компания өкілдеріне де тиісті өтініш жолданған екен. Сондықтан, әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, өркениеттен кенже қалған тұрғындарға күтуден басқа амал жоқ.