Bugin

Бишімбаев соты: ресейлік сарапшылар Нүкенованың өліміне қатысты өзге деректі айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Бүгінгі, 16 сәуірде өткен Бишімбаевқа қатысты сот отырысында “Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университетінің” мамандары жасаған сараптама қорытындысын ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында айыптаушы тараптың өкілдері ресейлік мамандардың қорытындысын жарамсыз дәлел деп тануды сұрады.

Бұл өтініш бойынша сот залында отырған сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова өз ұстанымын білдірді. Ол:

“Мен қазір тыңдап жатырмын. Мен, әрине, заңгер емеспін. Бірақ егер сіз мәскеулік маманның тұжырымын қабылдамасаңыз, ол –менің  баламның конституциялық құқықығы,  ол өзін қорғауға және қорғаушылық дәлелдерін ұсынуға міндетті деп есептеймін. Ендеше, сот, прокурор, жәбірленушілер мені ана ретінде түсініңіздер”, - деді.

Үзілістен соң сотталушының адвокаты ресейлік мамандар жасаған сараптаманы оқып шықты. Ресейлік сарапшылар қазақстандық мамандардың Нүкенова ауыр бас-ми жарақатының салдарынан қайтыс болды деген тұжырымын жоққа шығарды.

Олар Салтанаттың өліміне қайтыс болуынан 3-4 апта бұрын түскен ескі гематоманың салдарынан басына қан кету себеп болуы мүмкін деп қорытындылаған.

Прокурор Айжан Аймағанова бұл қорытынды қылмыстық іс материалдарына тіркемеуді, Бишімбаевтың қорғаушысының өтініші бойынша ресейлік мамандардың қорытындысын есепке алмауды сұрады.