Bugin
Фото: Ақорда
Президент ақбөкендерді атуға тыйым салмақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан өңірлерді аралап, елдің жағдайымен танысты.
Президент су тасқынының салдарын еңсеру үшін әр аймаққа елдің ірі кәсіпкерлері бекітілетінін де атап өтті.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ даласының символына айналған ақбөкендерді атуға тыйым салатынын мәлім етті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылы Алаш ардақтысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шараға қатысу үшін Арқалық қаласына баруды жоспарлап отырғанын жеткізді.