Bugin
Фото: Ашық дереккөзден
Бетперде киген ер адам су тасқыны кезінде қарап қалмады. Ол зардап шеккендерге миллион доллар аударды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бетперделі жігіт қор ашып, 450 миллион теңге жинаған. Ал бұл қаражатты ол зардап шеккен отбасыларға аударған.
"Біз ірі көктемгі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта 108 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бес мыңнан астам үй су астында қалды. Сегіз мыңнан астам мал қырылды. Біз көмекке келген еріктілерге, құтқарушыларға, алаңдаушылық білдірген азаматтарға және басқа елдердің азаматтарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз бірге бұл апатты еңсеріп, бұдан да мықты боламыз", – деді белгісіз бетперде киген адам.
Алдағы уақытта бетперделі жігіт өзінің желідегі парақшасында қаражаттың қайда кеткенін салып отырмақ.