Bugin
Фото: khaleejtimes.com
Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласын су басты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы жергілікті Khaleej Times басылымы мәлімдеген.
Дубайдағы су тасқынының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. БАҚ мәліметінше, ауа райына байланысты қаладағы метро қатынасы үзіліп, көлік қозғалысы шектелген. Ал Абу-Даби мен Дубайдағы сауда үйлері мен көптеген ғимаратта электр желілері мен су үзілген.
Желідегі жұрт шошына пікір білдірген. "Жиһаздар жүзіп, көліктер қайық сияқты жүр", "Не болып кетті?" -деп жарыса жазып жатыр.
Тұрақсыз ауа райы жағдайында Дубай билігі мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушыларының қашықтан жұмыс істеу және оқу мерзімін ұзартты.
БАӘ-нің су басқан қалаларына ұшу тоқтап, әуежайдағы рейстер тоқтатылып, кейінге шегерілген. Кейбір рейстер өзге әуежайларға жөнелтілді.