Bugin
Фото: ТЖД
Жайық өзенінің деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін екені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Росгидромет болжамына сәйкес, Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейге көтеріледі деп күтіліп отыр. Су көтерілуінің ең жоғары деңгей 540-600 см құрайды .
"Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов, Атырау облысы ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаевпен бірге Жайық өзенінің Каспиге құятын жеріне жүргізіліп жатқан тереңдету жұмыстарын, қала аумағындағы және Береке, Алмалы, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай елді мекендеріндегі жаға бекіту жұмыстарын қарады", - делінген ТЖД хабарламасында.
Билік Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырды.