Bugin

Су тасқыны: елімізде қазіргі жағдай қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы дерек жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ТЖД ұсынған соңғы деректер бойынша 16 мың адам өз үйіне оралған. Азаматтық қорғау қызметтері 116 949 адамды, оның ішінде 40 781 баланы құтқарған. 112 539 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 

Соңғы деректер сүйенсек, эвакуациялау пункттерінде 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала бар.

"9,8 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 2,9 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 3 709 тұрғын үй мен 2475 аула аумағынан су бұрылды", делінген ресми хабарламада.