Bugin
Фото: "ҚазАвтоЖол"
"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы су тасқынына қатысты жағдай бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 жол учаскесінде (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылған.
"17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны болды", делінген хабарламада.
Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.