Bugin

“Зорлау күні”: TikTok әлеуметтік желісінде тараған ақпарат рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде "24 сәуір – Халықаралық зорлық-зомбылық күні" деген ақпарат таралып жатыр. Желі қолданушыларының сөзінше, бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады. Ішкі істер министрлігі ағылшын тіліндегі посттан тараған бұл хабарламаның жалған екенін атап өтті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, “24 сәуір” туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

"Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады", - делінген ақпаратта.