Bugin
Фото: видеодан кадр
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады.
"Қазгидромет" РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сондай-ақ Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.
"Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен. Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті. Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған", делінген хабарламада.
Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге түскен.