Bugin

Баланың шотына қалай 11 миллион теңге түсіруге болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz

Енді елімізде 5 жастан асқан балаларға "Ұлттық қор – балаларға" жобасынан бөлек жинақтау жүйесі пайда болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Еуразияның бірінші арнасына сілтеме жасап хабарладйы.

Мемлекет басшысы қыркүйектегі жолдауында 5 жастан асқан балаларға арналған “Келешек” атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған еді. Қазір Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа жобаның тетіктері дайын болғанын мәлімдеді.

Ведомство уәкілі Жанна Есинбаева:

“Бұл шотқа жылына кем дегенде 12 АЕК көрсеткіш салу керек болады. Бұл 12 АЕК-ті ай сайын, немесе бірден салуға болады. Мемлектет тарапынан берілетін бастапқы капиталдың мөлшері – 220 мың теңгеден астам мөлшерді құрайды”,-деді.

Баласына шот ашуды ата-ана өзі шешеді. Бұл жобаға барлығы қатысу мәндетті емес. Мемлекеттен бір реттің бастапқы капитал 60 АЕК мөлшерінде. Мемлекеттің сыйақысы 5-7 пайыз.

Егерде балаңызға шот ашуды жоспарласаңыз мемлекет алғашқы капитал мен сыйақыны аударуға дайын.

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бала грантқа түссе, жиналған қаражжат бауырларына бере алады. Бауырларына керек болмаса, қаражатты үй алуға беруге мүмкіндік қарастырылып жатыр.

Министрлік “Келешек” шотына 11 миллион теңге жинауға болатынын алға тартты. Шот бала 5 жасқа толғаннан ашылып 13 жыл бойы салым салу жалғасады. Ата-ана айына орта есеппен 11 мың теңгеден аударса, 18-ге толғанша, 7,5 миллион теңге жиналады. Оған “Ұлттық қор – балаларға” аясында тағы да ақша қосылады.