Футбол

«Қайраттың» шабуылшысы: Ресей – агрессор, онда ойнау үшін бармайтын едім

«Қайраттың» украиндық ойыншысының саясат туралы айтқаны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қайрат» клубының украиндық шабуылшысы Адеринсола Эсеола, ресейлік клубтан ұсыныс түсетін болса, оны қабылдамайтыны туралы айтты.

«2014 жылғы Майданда болған оқиғадан кейін, мен бірнеше күн өткеннен кейін келген болатынмын. Қолымда билетім бар еді, анам екеуміз бәрін бірге көріп отырдық. Анам менен: «Сен қайда барасың?» деп сұрады. Қорқынышты. Не болып жатқанын ешкім түсінбеді. Елге өзгерістер керек екенін сол кезде түсіндім. Одан кейінгі оқиғалар – басқа тақырып. Бәрінің осылай аяқталғаны өкінішті. Соғыс болып, адамдардың өлгені. Мен соғысқа қарсымын, жалпы қақтығыстарға қарсымын.

Тұрмыстық жағдайдың өзінде, орыстармен қарым-қатынасым өзгерді. Бәрі сол шиеленіске тіреледі де тұрады. Әр уақытта. Біздер, украиндықтар үшін, Ресей – агрессор, біз бұл туралы үндемей тұра алмаймыз. Біздің жерімізде текетірес жүріп жатыр.

Андрей Аршавин? Ол екеуміз бұл тақырыпта сөйлестік деп айта алмаймын. Соған қатысты әңгімелер болған, бірақ біз екеуміз қақтығысқа барған емеспіз. Керісінше, арамыздағы түсініспеушілікті ересектерше, кәсіби тұрғыдан шешіп отырдық. Бұл қақтығыстарда біздің кінәміз жоқ қой.

Егерде Ракицкиге келгендей, Ресейден ұсыныс келсе ме? Ракицкидің жағдайы басқа... Бірақ мен жоқ, бармаймын деп айтамын», – деген сұрмерген сөздерін Sport24 жеткізеді.