Bugin

Енді елімізде жүргізушілерге жаңа айыппұл енгізілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

"Жол жүрісі туралы заңға" жаңа ұғымдар енгізіледі. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  хабарлайды.

Бүгін Мәжілісте "Жол жүрісі туралы" заңға көлік құралдарының орташа және максималды жылдамдығы ұғымдары енгізілетіні айтылды. Бұл түзетулер жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын апаттар санын азайтуға бағытталғаны айтылды.

Парламент мәжілісі хабарлағандай, бұл түзетулер сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары орнатылатын жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын апаттар санын азайтуға бағытталған.

Мәжілісте:

“Бұл ретте "орташа жылдамдық" көрсетілген құрылғылар мен құралдар арқылы жолдардың түзу учаскелерінде және айналма жолдары жоқ қала сыртында автоматты түрде есептеледі”,-деп аталып өтті.

Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 және одан да көп км/сағат асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.