Bugin

Бишімбаевтың тағы бір адам өлтіргені туралы ақпарат рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары "Қуандық Бишімбаев баланы қағып кетті" деген мәлімдемеге қатысты тағы да жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырыстарының бірінде Салтанаттың анасы Бишімбаевқа:

"Мен қызымды жерледім. Оның жүзін де көрмедім. Бұлай айтуға қалай дәтің барады?! Оны бірнеше сағат бойы қинап өлтірді. Өткен өмірің туралы айтып беруімді қалайсың ба? Баланы қалай өлтірдің?”, -деген еді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 11 сәуірде ведомствоның тексеру жүргізетінін айтқан еді. Сәуірдің 14-і күні Мәжіліс алаңында ол бұл сұраққа тағы да жауап берді.

Игорь Лепеха:

"Барлық DVR жазбалары тәркіленіп, сотта жатыр. Олар қайтармайынша, біз оны анықтай алмаймыз. Бірақ бұл сұрақ есімде.Мен әлі нақты айтқым келмейді, бірақ ақпарат расталған жоқ. Біз өлтірілген әйелдің туыстарымен, әсіресе оның ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан алынғанын білдік. Олар тексерді, бірақ біз басқа іс туралы айтып отырмыз", - деді.