Bugin

Жантүршігерлік қылмыс: аса қатыгездікпен кісі өлтірген адам сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Ақмола облысында аса қатыгездікпен кісі өлтірген ер адам сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.

Жантүршігерлік оқиға 2023 жылдың қараша айында болған. 

"Бұланды ауданы, Макинск қаласында 2023 жылдың қараша айында айыпталушы Б. ерекше қатыгездікпен жәбірленушіні К.-ны өлтіріп, жараланған К.-ны көлікпен басып, автокөлікті ұрлап, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген. Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Алқабилер алқасының үкімімен Б.-ны аса қатыгездікпен кісі өлтіру, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Б. 25 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада. 

Сот шешімімен сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын мен 1,5 миллион теңгеден астам материалдық шығын өндірілгені белгілі болды.