Bugin

Ауру балаларға жиналған қаржыны жымқырғандар ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik.kz

Ақтөбеде балаларды емдеуге жинаған ақшаны заңсыз иемденген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.

Қалалық полицияға бірнеше тұрғын "More life" қорының өкілдеріне қатысты арызданған. Себебі қор директоры емделуге қаражат жинауға көмек көрсетемін деген сылтаумен балаларға жиналған ақшаны заңсыз иемденген.

Ал пзаматтардан жиналған қаржы 30 млн теңгеден асты. Денсаулығында кінәраты бар балалардың ата-анасымен келісімге келген директор қажетті соманы жинағаннан кейін қор ата-ананы баласымен бірге ақшаны жымқырған. Яғни ата-ананы баласын емдеуге Беларусь Республикасының Минск қаласына ақшасыз жіберген. Қор әртүрлі сылтаулармен ақша аударымын жібермеген. Салдарынан бала тиісті ем қабылдамаған, ал ата-анасы бөтен елде көмексіз қалған.

Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.