Bugin

"Жағдайы ауыр": Астанада оқушы мектеп терезесінен секіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған оқыс оқиға қаладағы №72 мектеп-лицейде болған. Оқушы дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

"Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, бала ауруханада. Зардап шегушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр деп бағалануда (алған жарақаттарына байланысты). Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында", – деп елорданың білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Оқиға бойынша қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.