Bugin

“Мәйіттің басы жоқ”: Оралдағы жағдай халықты шошытты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Орал тұрғындарын "қаладан бассыз адам мүрдесі табылды" деген қауесет үрейлендірді. Полиция адам өлі табылғанын, бірақ басы кесілмегенін растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

"Ер адам өлтірілген, полиция оның басын іздеп жатыр", - деп жазды әлеуметтік желіде қала тұрғындары.

Кейінірек "Универмаг" ойын-сауық орталығы аялдамасынан табылғаны туралы ақпарат пайда болды. 

Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі 15 сәуірде сағат 19.20-да Ақотау көшесіндегі №8 және №25 мектептер арасындағы №20 үйдің жанынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады.