Bugin

Жантүршігерлік жол апатына автобус жүргізушісі айыпты ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот 

Алматылық Алтынай Өмірсерікқызы автобус жүргізетін әкесі жолаушымен бірге ауруханаға түскен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алтынай оқиға туралы:

“Өзі ауыр халде қазір. Жан арпалыста жатқанда, осындай іс қозғады деген кеудеме өксік толтырады”,-деді ол.

5 наурызда Алматы қаласында әкесі тізгіндеген автобус апатқа ұшыраған. Сүйінбай көшесінен батыс бағытқа бұрылған автобус көпірдің тіреуіне соғылған. Жарақат алған 4 адам ауруханаға түскен. Жүргізушінің үстінен қылмыстық іс көтерілген.

Алтынай әкесіне қылмыстық іс қозғалғанын теледидар арқылы білген. Жарақат алған 4 адам да жүргізушінің кінәсіз екенін растаған. Олар куә болуға келіскен.

Өмірсерік Дүйсенбаевтың екі аяғы сынып, ішкі құрылысына зақым келген. Екі жерінен тілінген ішегін қалыпқа келтіру үшін бірнеше рет ота жасалған. Алтынай әкесінің заңды жалақысын да ала алмаған.

Өмірсерік Дүйсенбаев 30 жылдық тәжірибесі бар маман. Ол 1,5 жыл бойы осы №85 автобусты жүргізеді. Ер адам автобус паркіне белгіленіп, жолға шығады. Өз жолымен келе жатқанда алдынан ақ көлік шыға келеді. Жүргізуші көлікпен соғылыспас үшін рөлді бұрған.

Алтынайға “Көреміз” бағдарламасының ұжымы көмектесетін болды.