Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрықты бекітті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұлай ауыстурыға себеп: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану.
"Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр - сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады", делінген хабарламада.