Weekend

Чарли Чаплиннің туғанына 130 жыл

Бүгін Чарли Чаплиннің туған күні

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемдік кинематографтың аңызға айналған актері, мылқау киноның жұлдызы, сценарист, режиссер, композитор Чарли Чаплин 1889 жылдың 16 сәуір күні Лондон қаласында дүниеге келген. 

Чарльз Спенсер Чаплин мюзик-холл әртістерінің отбасында дүниеге келіп, жеті жасынан бастап сценада билеп, ән айтқан. 

16 жасында үйінен кетіп, театрға жұмысқа тұрады. 1907 жылы Ф.Карноның пантомима тобына қосылады. 1913 жылы продюсер Мак Сеннетпен танысады. Мак оған "Кистоун" кинокомпаниясымен шартқа отыруды ұсынады. 

"Кистоун" корпорациясының 12 фильмінде түскен Чарли, келесі фильмді өзі түсіре бастайды. Бір жылда 34 фильмге түсіп, американдық киноның атақты комигіне айналады.

Чарли Чаплин 80-нен аса киноға түскен, 18 фильмде композитор, 30 фильмде продюсер, 70 фильмде режиссер болып, 60-тан аса сценарий жазған.