Bugin
Фото:Bugin.kz
Бүгінгі Бишімбаевтың ісіне қатысты сотта Бақытжан Байжановтың телефонын зерттеу жалғасын тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Түстен кейінгі сот отырысында Бишімбаевтың үй қызметшісінің Байжановқа жазған хаты оқылды. Хатта ол бөлменің бәрі қан екенін айтқан. Байжанов оны Бишімбаев жасағанын айтты. Бишімбаев қанның өзіне тиеслі екенін, Салатанаттікі емес екенін айтты.
Осыған дейін Бишімбаев Байжанов пен Салтанаттың мүлде араласпағанын айтқан еді. Алайда осы сот отырысында Байжанов пен Салтанаттың хаттары оқылды. Салтанат Бишімбаевты хат жаза алмайтын етіп бұғаттап тастағанда, Бишімбаев Байжановтың телефоны арқылы Салтанатқа хат жазған.
Сот отырысында Бишімбаевтан телефонының құпиясөзі сұралды. Сотталушы құпия сөзді тек қорғаушысына беретінін айтты. Құпиясөз берілмегендіктен, Айжан Құлбаева сот тергеуінің одан кейінгі рәсіміне өтетінін хабарлады.
Байжановтың адвокаты оның барлық ақпаратты еш қарсылықсыз сотқа беріп отырғанын ескеруді сұрады.
Келесі сот отырысы 22 сәуірде өтеді.