Bugin
Фото: depositphoto.com
Ішкі істер министрлігі су тасқынынан қанша адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin. kz тілшісі хабарлайды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев:
"Иә, өкінішке қарай мұндай жағдайлар болды, БАҚ-та көп айтылды. Абай облысында екі адам жоғалды, Атырау облысында мәйіттер табылған. Абай облысында іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деді.
Барлық фактілер бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Usbanov арнасында :
“ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы, Құлсары қаласында тасқыннан 4 адамның қаза тапқанын айтқан. Абай облысында да өзен тасып жатқанда хабар-ошарсыз кеткен 4 адамға іздеу жарияланғаны айтылған. Ақтөбеде де қарғын суға батып кетті деген 2 адамның мерт болғаны айтылған. Алайда, жергілікті билік өкілдері "мерт болған 2 баланың ажалына тасқын судың қатысы жоқ" деп түйіндеген”,-деп жазылды.