Bugin

4 баласы бар жүкті әйел жертөледен өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желіге жантүршігерлік видео жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Адвокат 4 баласы бар жүкті әйел жертөледен өлі күйде табылғанын жазды. Ол өз-өзін асып қойған.

"Сантехник көпқабатты үйдің астын тексеріп жүр. Келген ақпарат бойынша күйеуі әйелін ұрып келген.  Жақында күйеуі басқа әйелді жүкті қылған екен. Содан отбасыда жанжал шығып, соңы осындай жағдайға алып келген. Әйел бақытты өмір сүрсе, өз-өзіне қол жұмсайды дегенге сенбеймін",- дейді адвокат.