Саясат
Әлихан Бөкейхан және Масон ұйымы
Ресейде 1905 жылдан кейін пайда болған француз масондық ұйымымен тығыз байланыста болған Керенскиймен Алаштың көсемі Әлихан Бөкейханұлы арасында кездесу болған. Ал ұлт көсемінің масондармен байланысы болды ма?
Белгілі филология ғылымдарының кандидаты, әлихантанушы Сұлтанхан Аққұлы былай дейді:
Негізі, ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі масон қозғалысы 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісінің жеңілісінен кейін пайда болды. Ол кезде Ресейде белгілі қоғам қайраткері, ғалым Максим Максимович Ковалевский деген кісі болған. Сол кісінің 1906 жылы Франциядағы эммиграциядан елге оралғанда айтқан сөзі сол кездегі бүкіл қоғамның санасында қалған.
1906 жылы Петерборда «Темірқазық» масондық ұйымы құрылды. Әлекеңнің бұл ұйымға мүше олғанын тарихи деректер айғақтайды. Мәселен, Әлекең 1923 жылы Мәскеуде тұрып жатқан кезінде қазақ тілінде журнал шығарған. Бұл журналдың атауы – «Темірқазық» болатын. Мұның да үлкен сыры бар.
1911 жылы Ресейдің реакциялық үкіметінің төрағасы Петр Столыпин Киевте қазақ болғаннан кейін, реакциялық тәртіптің бұғауы әлсірей бастады. Сол кезде масондық қозғалыс қайтадан өрбиді. Сол кезеңде Петерборда «Полярная звезда», Мәскеуде «Возрождение» қайта өрлеу деп аталған ұйым болған. Осы ұйымдардың өлкелерде, ірі қалаларда бөлімдері пайда болады. Тарихи құжаттарды қарап отырсақ, сондай өлкелік ұйымның бірі Самарада ашылған. Айдауда жүрген Әлекең Самарадағы масондық ұйымды құруға ең басты себепкер, мұрындық болған.