Bugin

Су тасқынынан 7 адамның көз жұмғаны расталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: БҚО ТЖД

ТЖМ су тасқынының салдарынан 7 адамның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.

Бұл туралы ТЖМ министрдің орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

"Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Отырыста ТЖМ өкілі Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін де атап өтті.

"Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады", - деді министрдің орынбасары.

Осылайша табиғи апаттан қайтыс болғандардың жалпы саны 7-ге жетті.