Bugin
Фото: видеодан кадр
Төтенше жағдайлар департаменті өңірлердегі су тасқыны жағдайы бойынша 19 сәуір сағат 10:00-дегі ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Азаматтық қорғау қызметтері 118 180 адамды, оның ішінде 44 254 баланы құтқарып, эвакуциялаған. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19 715 адам үйлеріне оралды.
Қазіргі жағдай бойынша эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар.
"10,5 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,4 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылды", - делінген хабарламада.