Bugin

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 364 мың адам.