Bugin
Фото: atpress
"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес 19 сәуір сағат 8-дегі жағдайды жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың түсуі есебінен Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 560 см, +5 см-ге көтерілді. Ал су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 337 см құрайды.
"Махамбет кентінің деңгейі 688 см., су деңгейі + 9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі 371 см құрайды", делінген хабарламада.
Атырау қаласында гидропосттағы су деңгейі 399 см, тәулігіне + 3 см деңгейге дейін көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 208 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі мүмкін.
"19 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын 422 м3/с құрайды, су жіберу деңгейі 345 м3/с құрайды" делінген хабарламада.