Bugin

"Жынды емеспін": тастанды қыздың тауқыметке толы тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:" Бармысың, бауырым" бағдарламасынан скриншот

Салтанат Утепбаева – Арқалық қалалық психоневрологиялық мектеп-интернат тәрбиеленушісі. Ол “Бармысың, бауырым” бағдарламасына көмек сұрап келді. Бұд туралы Bugin.kz тілшісі  хабарлайды.

Салтанат осыған дейін бағдарламаның телевизиялық нұсқасы арқылы анасымен қауышқан. Алайда Салтанаттың анасы эфирден соң қызымен байланысын үзген. Салтанат 6 жасқа дейін анасының жанында өскен. Анасы “туберкулезбен ауырдым” деп қызын психикалық ауытқы бар балаларға арналған интернатқа өткізген.

Қызда тек 3 сыныптық білім бар. Интернат қызметкерлері ақыл-есі сау қыздың ары қарай оқуына жағдай жаратпаған. “Бармысың, бауырым” анасын тапқан соң, қыз әкесінің туыстарымен қауышады. Бір ай солармен өмір  сүрген соң, туған әкесі қызды интернатқа қайта өткізеді. Салтанаттың үш ағасы, бір әпкесі бар. Анасы “туберкулезбен ауырдымә деп сылтау айтқанмен басқа балаларын интернатқа өткізбеген, тастамаған. Ұзақ жыл бойы іздемеген.

Салтанат 22 жасында ол мекемеден кеткен. Ол жеке төлқұжаттан  басқа құжаттарынсыз шыққандықтан “жұмысқа жарамсыз” статусы бар екенін білмеген. Анасы екінші күйеуімен тұрады. Қыз жеке кәсіпкер ретінде тіркелгісі келгенде ғана “жұмысқа жарамсызә ретінде есепте тұратынын білген. Қызға ауыр диагноздар қойылған. Ол құжатпен қыз жақында ғана танысқан. Қыз 3-4 сыныптан ары қарай оқығысы келгенімен талпынысынан түк шықпаған.

Салтанат әділдікке қол жеткізгісі келеді. Интернат тәрбиеленушілердің барлығына осындай ауыр диагноз қойылған уақыт туралы қоңырау шалған адам айтып берді. Ол диагнозды адамнан алып тастау қиын. Мұхаммед есімді адамның айтуынша, бұл диагнозды адамға 79 мың теңге жәрдемақы тағайындалады екен. Салтанат есептен өзін шығарғысы келеді. Ол аяғын сылтып басатындықтан мүгедектік тобын ауыстырғысы келеді. Бала сау болғанмен, кішкентай кезінде инфекциямен ауырған. Соның салдарынан аяғы сылтып басылады. Интернатта ауру балалармен қатар сау балалар да көп болған. Интернат ақыл-есінде ақау бар балаларға арналғанын тәрбиеленушілер тіпті білмеген. Салтанат бала кезіндегі қиындықтарын есіне алып жылады. Салтанат 79 имың теңге жәрдемақыны қай диагнозы үшін алатынын білмейді.

Дәл осы интернат тәрбиеленушілерінің бірнешеуі “Бармысың, бауырым” бағдарламасына келіп көмек сұраған.