Bugin
Фото: бағдарламадан скриншот
Шетелдіктер асырап алмақ болған қызды Багусовтар отбасы Қазақстанда алып қалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Бармысың, бауырым” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрлан және Роза есімді екі баланы Багусовтар отбасы балалар үйінен асырап алып өсірген. Багусовтар отбасы сәби үйінен бала асырап алмақ болып бекінеді. Олардың таңдауы Нұрланға түседі. Дегенмен Нұрланның жанынан бір елі ажырамай жүрген Роза есімді қызды да асырап алуға шешім қабылдайды. Балалар үйінің қызметкерлері қызды шетелдіктер асырап алатынын айтып, жалтарады. Бірақ Багусовтар берілмейді. Ұлды да, қызды да асырап алу үшін үлкен айқай-шу шығарып, дегеніне жетеді. Осылайша шетелге кетуі керек болған қыз Қазақстанда қалады.
Роза “Бармысың, бауырым?” бағдарламасына келіп, туған ата-анасын іздеді. Нәтижесінде Нұрлан да ата-анасымен қауышқан еді. Белгілі болғандай, Нұрланның анасы бельгиялықтар асырап алған Жәнібекті өз ұлым деп ойлап, ДНК тестін тапсырған. Сол арқылы өзінің туған баласымен қауышты.
"Бармысың, бауырым?" хабарының бүгінгі спикері — Роза Багусова. Роза 2002 жылы 16 қазанда Арқалық перзентханасында дүниеге келген. Кейіннен балалар үйіне өткен.
1 жарым жасында асырап алған адамның айуынша, Розаның туған ата-анасы — Светлана және Мейрам Қайырбековтер. Розаның ата-анасын бағдарлама ұжымы тапты. Розаның қазір екі баласы бар.