Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото:depositphotos.com
Астана әкімдігі жылу беру маусымының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қолайлы ауа райы жағдайының қалыптасуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астанада тұрақты, жылы ауа райы орнады. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде бұлтты болып, секундына 3-8 метр шамалы жел соғады. Күндіз 23-25 градус, түнде 5-7 градус жылы.