Bugin

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 20-22 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшіс Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді.

Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды. Еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.