Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: еріктілердің инстаграм парақшасынан
9 наурыз күні жоғалған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Lider.kz еріктілерінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еріктілер:
“Ер адам Алматы қаласы, Іле ауданы, Жайнақ мөлтекауданындағы Жерұйық көшесі 22-үйден таңғы сағат 07:00-де шығып кеткен. Бойы 160-165 см, шашы қара, көзі қоңыр, орташа дене пішінді болған. Үстінде қара күрте, қара шалбар болған”,-деп іздеу салған еді.
Ер адамның мәйіті 12 сағаттан соң табылған. Ер адамның өлімінің себебі айтылмаған.