Bugin
Фото: видеодан кадр
Шығыс Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы облыстық ТЖД өкілі Дина Бексұлтанова айтты.Ол:
"Аймақтың солтүстік шығыс және шығыс бөлігіне қауіп бар",- деді.
Қазір жағдай толықтай бақыланып жатыр. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы тасқынға байланысты мониторинг жүргізіп жатқанын жеткізді.
Ал Солтүстік Қазақстанда қызыл судан зардап шеккендерге өтемақы төлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғамдық штабтың мүшесі азаматтарға құжат жинауға барынша көмек көрсетіліп жатыр.
Жайықтың Бөрлі ауданындағы су деңгейі 10 метрге жетті. Ондағы су деңгейі 10 метрге дейін көтерілді. Бұл 60 мыңға жуық халқы бар аудан үшін қауіпті, сондықтан онда күн-түні тасқынмен күрес жұмыстары жүріп жатыр.Облыс бойынша 23 тасжолды су шайды. Салдарынан 9 елдімекенге көлік қатынасы жоқ.
Ресейден нөпір су келе жатыр. Ресейдің Орынборынан шыққан нөпір су Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына сәуірдің 20-сы, яғни ертең жетеді деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метрге жеткен. Қауіпті деңгей 8,5 метр болып саналады.
Ал бірер сағат бұрын "Қазгидромет" мамандары Ақмола облысындағы Нұра өзенінің су деңгейі шекті мөлшерден 5 см-ге асқанын мәлім етті. Сондай-ақ 4 сағатта 6 см-ге артқанын анықтаған.