Bugin

“Ине шаншып жазалаған”: мұғалім оқушыларға жантүршігерлік әдіспен сабақ берген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: kun.uz 

Өзбекстанда оқушыларын ине шаншып жазалаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

22 жастағы педагогтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сіргелі ауданындағы 277-мектептің педагогы 1-сынып оқушыларын инемен және бұралмалы шегемен жазалағаны анықталды. Қазір істің мән жайы зерттеліп жатыр.

Балалар омбудсмені тергеу нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, 2016 жылы туған 2 оқушының алақанының жоғарғы бөлігіне бұрандалы шегемен (саморез) бірнеше рет тесіп, балаларды азаптап, дене жарақатын салғаны анықталды.

Осы себепті 18 сәуірде Сіргелі аудандық полициясы ұстазға қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы (азаптау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұстаздың 2002 жылы туғаны айтылады.

Тергеу аясында қолынан пышақ жарақатын алды деген 1-сынып оқушыларына сот-медициналық сараптама тағайындалып, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.